Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен жазушы оған "Қоңыз" романын сыйлады

Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен жазушы оған "Қоңыз" романын сыйлады

Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен жазушы оған "Қоңыз" романын сыйлады
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов «қызметтен босаған соң, қазір қайда жүр екен, немен айналысады» деген сауал ара-тұра ел арасында айтылып қалатыны рас. Ол заңды да. Өйткені Иманғали Нұрғалиұлы елеусіз, ұмыт қалатындай тұлға емес. Жақында белгілі жазушы Ырысбек Дәбей И.Тасмағамбетовпен кездескені туралы жазды. «Бүгін Алматыда ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтің қабылдауында болып, әдебиет, мәдениет, қазіргі руханият жайында әңгімелестік. Мен ол кісіге "Жылқы атылған жаз", "Қоңыз" романдарын тарту еттім» деп жазды Ырысбек Дәбей Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен зейнет жасына жеткендіктен босатылған болатын. Ал биыл Иманғали Нұрғалиұлы ресейлік КамАЗ өндірістік бірлеслестінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.