Жаңалықтар

Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеоролоиялық жағдай қалыптасады

«Қазгидромет» РМК-ның болжамы бойынша бүгін Қазақстанның 4 қаласында жайсыз метеоролоиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды.

«9 қазанда Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Back to top button