Жаңалықтар

АҚШ делегациясы Дохада «Талибан» өкілдерімен кездеседі – БАҚ

АҚШ делегациясы 9-10 қазанда Дохада «Талибан» радикалды қозғалысының (Қазақстанда және басқа да көптеген елдерде тыйым салынған) жоғары лауазымды өкілдерімен кездеседі.Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Reuters жұма күні ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлағандай, бұл АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылғаннан бері тараптар арасындағы бірінші кездесу болады. АҚШ өкілдері, Reuters агенттігінің дерегінше, АҚШ пен Ауғанстанда қалған басқа елдердің азаматтарын эвакуациялауда кауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ американдықтарды босату үшін тәліптерге қысым жасауға тырысады.

Back to top button