Жаңалықтар

Мадина Сәдуақасова өнер жолында алған «ерекше» сыйлықтарын айтты

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова өнердегі соңғы жаңалықтарын бөлісті. Бұл туралы блогер Анар Батырханның «Taboo» бағдарламасында айтып берді.

Өнер жолында түрлі сый-құрметке бөлендім. Неше түрлі сыйлық алдым. Есімнен кетпейтін екі сыйлықты айтқым келеді. Бір сыйлықтың иесін әлі күнге дейін іздеп жүрмін.

– Бірде гастрольмен Моңғолия еліне бардық. Сол жақтағы арнаға сұқбат беріп, моңғол тілінде ән орындадым. Мені теледидардан көрген сол елдің атақты дизайнері моңғолдардың киізден тігілген ұлттық киімін сыйлады. Ешқандай өлшеусіз тігілген киім маған құйып қойғандай жараса кетті, – дейді әнші.

 

– Осыдан 10-12 жыл бұрын бейтаныс адамнан сыйлыққа сайгүлік алдым. Әлі күнге дейін иесі ер адам ба, әйел адам ба білмеймін. Ол кезде Алматы қаласындағы Орбита ықшамауданында тұрамын. Бір күні белгісіз нөмер хабарласып, «Терезеге қарасаңыз сіздің сыйлығыңыз тұр» деді. Балалар ойнайтын алаңдағы ағашқа жылқы байлап кетіпті. Достарыма хабарласып, жылқының тұқымдасын анықтасақ, өте бағалы түрі екен. Олар соғымға союға болмайтынын айтты. Қазір есімде жоқ, сол жердегі бір досым сатып алды, – деп еске алды Мадина.

 

Back to top button