Аймақ

2 жасар қызға мерзімі өтіп кеткен дәрі еккен медбике жазаланды

Ақтау балалар жұқпалы аурулар ауруханасының медбикесі жарамдылық мерзімі өткен дәрілік препаратты қолданғаны үшін қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Гүлжан Ермекбаева мәлімдеді.

Бұл туралы lada.kz жазды.

– Медбике мойындады, кешірім сұрады. Әзірге олар сөгіспен жазаланды, өйткені оның мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Баланың денсаулық жағдайы тұрақты, барлық дәрі – дәрмектерді алады, – деді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы директорының міндетін атқарушы Гүлжан Ермекбаева.

Баланың ата-анасы сөгіс түріндегі жазаға қанағаттанбады. Олардың айтуынша, мерзімі өткен препаратты қабылдағаннан кейін қызының жағдайы күрт нашарлаған. Күніне баланың дене температурасы бірнеше рет 39 градусқа дейін көтеріліпті.

Ата-аналар медицина қызметкерін жұмыстан шығаруға, сондай-ақ балаға сапалы медициналық көмек көрсету үшін Астанадағы Ана мен бала ұлттық орталығына квота алуға ниетті.

Back to top button