Қарашадан бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болады

Қарашадан бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болады

Қарашадан бастап елімізде тағы бір автожол ақылы болады
ашық дереккөзі

1 қарашадан бастап Павлодар-Нұр-Сұлтан автожолы ақылы болады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Еуразия" арнасының сюжетінде айтылғандай, қазір жаңа жүйе сыналып жатыр. Шлагбаум болмайды. Қозғалыс ағынын тежемеу үшін арнайы аркалар орнатылды. Жол жүру кезінде төлем автоматты түрде жүргізушінің шотынан алынады. Мұнда тәулігіне жеті мың көлік жүреді. Олардың басым бөлігі — транзиттік жүк көліктері. "Қазавтожол" ұлттық компаниясының ақпараты бойынша, барлық түскен қаражат алдағы уақытта жолдың сапасын жақсартуға жұмсалады.