Жаңалықтар

Геннадий Головкин мәлімдеме жасады

IBF/IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) рингке оралуға дайындығын бастап кетті, – деп жазды Sports.kz

Instagram әлеуметтік желісіндегі кезекті жарияланымда Головкинді өз командасы – жаттықтырушысы Кристофер Камачо, ағасы Максим және проспект-суперорта салмақтағы Әли Ахмедовтің ортасында тұр.

Бұл суреттердің астында «Жаттығу лагеріне оралған қандай тамаша. Барлығын аман көргеніме қуаныштымын» деген жазу бар.

GGG-дің келесі жекпе жегі желтоқсан айының соңында Жапонияда өтетіні күтілуде. Оның қарсыласы WBA Super нұсқасы бойынша орташа категориядағы жергілікті әлем чемпионы Риота Мурата болмақ. Бұл Головкиннің 2020 жылдың желтоқсанынан бері өткізілген алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Back to top button