Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 52-ге жетті

Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 52-ге жетті

Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 52-ге жетті
ашық дереккөзі
Жапонияда магнитудасы 5,9 болған жер сілкінісі салдарынан 52 адам жарақат алды. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, Зілзала ошағы Токио және Тиба префектураларының шекарасында орналасқан, тереңдігі – 75 шақырым. Токионың Адачи ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен, сондай-ақ жылдамдығы жоғары пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Токионың бірнеше кварталында құбырлар жарылып, тротуарларды су басқан, үйлердің бірінің қабырғасы құлады. Метеорологтар жергілікті тұрғындарға алдағы жеті күні жерасты дүмпулері қайталануы ықтимал екендігін ескертті.