Жаңалықтар

Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 52-ге жетті

Жапонияда магнитудасы 5,9 болған жер сілкінісі салдарынан 52 адам жарақат алды.

ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, Зілзала ошағы Токио және Тиба префектураларының шекарасында орналасқан, тереңдігі – 75 шақырым. Токионың Адачи ауданында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен, сондай-ақ жылдамдығы жоғары пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Токионың бірнеше кварталында құбырлар жарылып, тротуарларды су басқан, үйлердің бірінің қабырғасы құлады. Метеорологтар жергілікті тұрғындарға алдағы жеті күні жерасты дүмпулері қайталануы ықтимал екендігін ескертті.

Back to top button