Жаңалықтар

Ақтауда 2 жасар қызға мерзімі өткен дәрі егілген

Ақтау тұрғыны 2 жасар қызына жұқпалы аурулар ауруханасында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі егілгенін айтып, шағымданды, – деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Қаңтардан бері дәрігерлер Руфина есімді қыздың ұстамасына себеп таппай, дене қызуы 38 градусқа дейін неге көтерілетінін анықтай алмаған. Нақты диагноз – цитамегаловирус – қыркүйекте қыз үшінші рет ауруханаға жатып, жеке зертхананың мамандары шақырылған кезде ғана қойылған.

«Бұл ауруға арналған препараттың нұсқауларын қатаң сақтау керек. Бұл препарат тек 24 сағатқа жарамды. Яғни, бала 24 сағат ішінде 2 рет қабылдауы керек. Мысалы, күндізгі сағат 2-де ашты ма, оны түнгі 2-де егуі керек, келесі күні оны лақтырып тастау қажет. Ал олар 3-інде оны қайта пайдаланды, яғни жарамдылық мерзімі өтіп кетті», – дейді анасы Жұлдыз Таженова.

Жұлдыз Таженованың айтуынша, жарамсыз дәрі егілгеннен кейін қызының жағдайы күрт нашарлаған. Күні бойы баланың температурасы бірнеше рет 39 градусқа дейін көтерілген. Аурухана өкілдері сылтау іздемеді, қызметкерлердің бірі кінәсін мойындаған.

Медицина қызметкерінің кешірімін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы қабылдаған. Медбикеге сөгіс жарияланды.

«Әзірше, сөгіс жарияланды, өйткені ол мұндай жағдайға бірінші рет тап болды. Медбике мойындады, әкесінен кешірім сұрады. Қыздың температурасы бәрібір болады, өйткені цитомегаловирус инфекциясының өзі толқын тәрізді, тұрақты температура да болуы мүмкін. Инфекцияның өзі осындай», – деді Маңғыстау балалар ауруханасы директорының емдеу-профилактикалық жұмыстар жөніндегі орынбасары Гүлжан Ермекбаева.

Алайда, сөгіс түріндегі жазаға зардап шеккен қыздың анасының көңілі толмайды. Ол медицина қызметкері жұмыстан босатылуына қол жеткізіп, балаға сапалы медициналық көмек көрсету үшін елордадағы Ана мен бала ұлттық орталығына квота алуға ниетті.

Back to top button