Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлайды Ақорда. Мемлекет басшысы Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жойқын жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Ариф Алвиге көңіл айту жеделхатын жолдады. «Қазақстан халқының және өзімнің атымнан табиғи апаттан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта. Еске салсақ, Пәкістанның оңтүстігінде тіркелген жер сілкінісі салдарынан кемінде 15 адам қаза тапты.