Қаруды өзгеге кезеген: Алматы облысында досын атып өлтірген күдікті ұсталды

Қаруды өзгеге кезеген: Алматы облысында досын атып өлтірген күдікті ұсталды

Қаруды өзгеге кезеген: Алматы облысында досын атып өлтірген күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысында 25 жастағы жігіт абайсызда досын өлтіріп алды. Күдікті қаруды өзгеге кезегенін айтуда, – деп жазды ҚазАқпарат. Оқиға Талғар ауданында болды. Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 1 қазан күні түнгі 01:00 шамасында полицияға Бесағаш ауылы тұрғынының жарақаттанғандығы жөнінде хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәптіп сақшылар мейрамханада екі топтың арасында жанжал болғанын анықтаған. «Ауруханаға түскен 25 жастағы ер адам алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Жанжалдың қатысушылары оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру шарасы барысында күдікті ұсталды. Ол мерт болған азаматтың жақын досы болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады. Сөзінше, ол қаруды жанжал барысында өзгеге бағыттаған. Бірақ досы оны тоқтатпақ болған сәтте қару досына атылып кеткен. Досын ауруханаға дейін жеткізген, бірақ артынша жауапкершіліктен қашып, кетіп қалған. Жанжалға қатысқандардың барлығы оқиға орнынан ізін суытқан. Ал 25 жастағы күдікті 12 калибрлі қаруды жүгері өсетін аймақтан тауып алғанын жеткізді. Оқиға болған соң ол қаруды өзенге ағызып жіберген», - делінген ведомство таратқан хабарламада. Қазір досын өлтірді деген 25 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды, тергеу жалғасуда.