Жаңалықтар

«Отандастар қоры» Бішкек қаласындағы қандастармен кездесу өткізді

«Отандастар қоры» КЕАҚ Президенті Нұртай Әбіқаевтың қатысуымен Бішкек қаласында этникалық қазақтармен және отандастармен кездесу өтті.

Бұл туралы «Отандастар қоры» КЕАҚ  Баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасында «Отандастар қорының» Президенті Нұртай Әбіқаев бауырлас елдегі қандастармен кездесу өткізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Мақпал Тәжмағамбетова, Қырғыз Республикасындағы қазақтар қауымдастығының төрағасы Гүлшат Асылбаева қатысты.

Бішкек қаласында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мен «Отандастар қоры» КЕАҚ  «Abai Uii» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесерін ұйымдастырды.

Жиын барысында «Отандастар қоры» КЕАҚ Вице-Президенті Мағауия Сарбасов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айгүл Қарымсақова, Заң ғылымдарының кандидаты, Қырғыз-Қазақ университеті жанындағы колледж директоры Ерғали Абдикаимов, Қауымдастықтың Басқарма мүшесі, Қырғыз медициналық колледжінің құрылтайшысы Тамара Болотова және тағы басқа да азаматтар баяндама жасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Елшілігінің деректері бойынша Қырғыз Республикасында 39 мыңға жуық этникалық қазақ тұрады. Жалпы, қазақтар Қырғызстан аумағында тұратын этностар арасында 7-ші орын алады.

 

Back to top button