Назарбаев Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Назарбаев Асқар Жұмағалиевті қабылдады

Назарбаев Асқар Жұмағалиевті қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда. Кездесуде Асқар Жұмағалиев Мемлекет басшысына ұлттық атом компаниясының 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті бұл сала өнімінің әлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін атап өтті. "Біздің міндетіміз - толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықтың деңгейін арттыру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы профильді емес активтерден арылу және трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды. Ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Елбасыға Үлбі металлургия зауытының аумағында зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің аяқталғаны және қажетті жабдық өндірудің басталғаны туралы баяндады. Бұған қоса, Асқар Жұмағалиев шетелдік серіктестермен арада биыл жасалған келісімдер және бекітілген келісімшарттар туралы, сондай-ақ  компания құрамынан профильді емес 26 активтің шығарылатыны туралы хабардар етті.