Таразда бұзақылар дәрігерлерге арналған ескерткішті бұзып кетті

Таразда бұзақылар дәрігерлерге арналған ескерткішті бұзып кетті

Таразда бұзақылар дәрігерлерге арналған ескерткішті бұзып кетті
ашық дереккөзі
Таразда ашылған «Денсаулық саябағындағы» коронавирус кеселімен күресте көз жұмған дәрігерлердің құрметіне ашылған мүсіндерді белгісіз біреулер қиратып кетуде, - деп жазды aikyn.kz. Ақ халатты абзал жандар бейнесіндегі ескерткіштің басын алғаш рет бұзып кеткенде қала әкімдігі бірден назарға алып, қайта қалпына келтірген болатын. Алайда бүгін бұзақылар ескерткішті тағы қиратып кеткен. Осыған орай жергілікті билік бұқараға үндеу тастады. «Денсаулық»  саябағындағы COVID-19 індетімен күресте қайтыс болған медицина қызметкерлерін еске алуға арналған, күні кеше қайта жөнделген ескерткіш тағы да бұзылды. Қоғам белсенділерін, БАҚ өкілдерін және қала тұрғындарын осы мәселеге назар аударуға шақырамыз», – делінген әкімдіктің ресми парақшасында. Әрине бар дүниені бүлдіру азаматтыққа жатпайды. Әсіре адам өмірі үшін күресіп жүрген ақ халатты абзал жандардың құрметіне қойылған ескерткішті қирату, ақтауға келмейді. Сол себепті тәртіп сақшылары тентектерді ұстап, жауапкершілікке тартады деп сенеміз. Айта кетейік, Жамбыл облысы Тараз қаласында «Таразға тарту» жобасы аясында демеушілер есебінен бірнеше нысан бой көтерген болатын.