Жаңалықтар

Жалған вакцина паспортын жасаған: 2 емхана басшысы қызметінен кетті

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев жалған вакцина паспортын жасау ісіне қатысы бар екі емхана басшысы қызметінен кеткенін айтты.

«Құжатты қолдан жасауға қатысы бар екі емхана басшысы, алты дәрігер мен медбикелерді жұмыстан шығаруға тура келді. Осындай жағдай болмауы үшін түсіндіру жұмысын жүргізіп жатырмыз, бейнекамера саны көбейтілді, бақылаушылар жұмысы күшейтілді», – деді басқарма Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша, жаппай вакциналау басталғалы бері қалада жалған құжат жасау бойынша 16 жағдай анықталды.

«Бұл жаппай вакциналау басталған кезеде орын алды. Үш емханада факті анықталды. Шамамен 16-ға жуық жағдай тіркелді. Қазір іспен тергеу органдары айналысып жатыр», – деді Алматының бас дәрігері.

Басқарма басшысы барлық дерек тергеу жүргізу үшін полицияға жолданғанын жеткізді.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhalgan-vakcina-pasportyn-satu-2-emhananyn-basshysy-zhumystan-ketti_a3846014

Back to top button