Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі - Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі - Денсаулық сақтау басқармасы

Алматыға Pfizer вакцинасы қашан жеткізіледі - Денсаулық сақтау басқармасы
ашық дереккөзі
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Pfizer вакцинасы қалаға қашан жеткізілетінін айтты. «Pfizer вакцинасы төртінші тоқсанда жеткізіледі деп жоспарланған болатын. Алматыда 20 қазаннан кейін болады дегенбіз. Алматыға әзірге 130-дан 160 мың дозаға дейін вакцина әкелу жоспарланған. Бірақ Алматы үшін әлі де квота бөлу жағынан нақтылау жүргізіліп жатыр», - деп жауап берді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин балаларға Pfizer вакцинасын алуға болатынын тілге тиек етті. «Алматыға Pfizer вакцинасы әкелінсе, біз 306 мың оқушы мен студентке вакцинация жасай аламыз. Бұл иммундық қабатты арттыруға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде ауру деңгейінің төмендеуіне әсер ететіні сөзсіз», - деді Бекшин. Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасының 4 миллион дозасын алу туралы келісімге қол қойған.