Тәжікстан президенті тәжік-ауған шекарасында ерлікпен көз жұмған қазақ сарбазын марапаттады

Тәжікстан президенті тәжік-ауған шекарасында ерлікпен көз жұмған қазақ сарбазын марапаттады

Тәжікстан президенті тәжік-ауған шекарасында ерлікпен көз жұмған қазақ сарбазын марапаттады
ашық дереккөзі
Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қазақстандық шекарашыны наградтады, - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Тәжікстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі №252 Жарлығымен Республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және қызметтік борышын орындау кезінде танытқан ерлігі мен жанқиярлығы үшін кіші сержант Раджан Армияұлы Батырқанов 1-ші дәрежелі «Спитамен» орденімен наградталды (қайтыс болғаннан кейін). Тәжікстан халқы 1993-2001 жылдар аралығында тәжік-ауған шекарасында әскери борышын өтеген жеке құрама атқыштар батальонының әскери қызметшілері көрсеткен ерлігін еске алып, құрмет тұтады. Айта кетейік, Раджан Армияұлы (1975-1994) - жауынгер-интернационалист, батыр-шекарашы. Жеке қазақстандық құрама батальоны Күршім взводының құрамында қызмет атқарды. https://youtu.be/hvdtnVx0y0s 1994 жылы 28 қыркүйекте Хорог шекара жасағының учаскесінде тәжік оппозициясының екі жүзден астам Хаким бастаған содырлары Висхоров шатқалындағы 5-ші және 6-шы шекара заставаларының түйіскен жерінен бұзып өтуге тырысты. Бұл ұрысқа қазақстандық құрама батальонның жеке құрамы белсене қатысты. Хаким содырлары 9 жүк көлігі және екі «УАЗикпен» Калай-Хумб ауданының орталығы арқылы Ауғанстан Ислам мемлекетіне өту ниетімен мемлекеттік шекара сызығының бойындағы Хорог бағытына бет алды. Лектің қозғалысын «Қара қол» лақап атымен белгілі болған содыр басқарды ( кейіннен «Хаттаб» деп танылған халықаралық террорист, 1995 жылдан 2002 жылға дейін Шешенстандағы Ресей федералды күштеріне қарсы соғысқа қатысқан шешен сепаратистерінің жетекшісі ). Бұл ұрыста Раджан Батырқанов қарулы содырлармен болған қиян-кескі шайқасқа бірінші болып кірді. Өз өмірінің құнымен қаруластарын құтқарып қана қоймай, ұрыста жеңіске жетуіне жол ашты.  width=