Еркебұлан ДАЙЫРОВ, актер: Шыңғыс хан мен Бөрте – құндылығын жоғалтпаған тұлғалар

Еркебұлан ДАЙЫРОВ, актер: Шыңғыс хан мен Бөрте – құндылығын жоғалтпаған тұлғалар

Еркебұлан ДАЙЫРОВ, актер: Шыңғыс хан мен Бөрте – құндылығын жоғалтпаған тұлғалар
ашық дереккөзі

– «Бөрте» спектакліндегі Шыңғыс хан рө­ліне қалай бекітілдіңіз? Кейіпкеріңізге қа­лай дайындалдыңыз?   

 – Бұл спектакльге кастинг арқылы бекітіл­медім. Театр әкімшілігі өзара ақылдасқан болуы керек. Түркістан музыкалық театрының директоры Айнұр ханымның өзі ұсыныс айтты. Шыңғыс ханның рөлін сомдау ұсынысын бірден қабылдадым. Шыңғыс хан туралы дерек көп. Қазақ қызы Бөртенің өмірдерегі туралы да біраз мәліметке қанықтық. Жиған-терген деректерден керегін алып, қос кейіпкердің образын шынайы бейнелеуге барымызды салып жатырмыз.

– Бұл қойылымның өзге қойылымнан ерекшелігі неде? Қойылымнан бұрын-соңды өзге режиссерлерден байқамаған жаңашылдықты байқай алдыңыз ба?

– «Бөртені» сахналайтын режиссерлер шет­ел­ден шақырылғанын білесіздер. Олардан біз­дің тарихи тұлғаның өміріне деген қы­зы­ғу­шы­лықты байқадым. Жалпы, шетел азаматтары­ның қазақ тарихына деген құрметі өте жоғары екен. Біздің мәдениет пен әдебиет мұхиттың арғы жағындағы адамдар үшін өте таңсық екені белгілі. Қанша ғасыр өтсе де, Шыңғыс хан мен Бөрте – құндылығын жоғалтпастан, жыл сайын дәріп­телетін тұлғалар. Бұл қойылымның жаңа­шылдығы көп. Басқа театрлардағы дәстүрлі қойылымдардан бөлек. Декорация жағы зама­науи технологиялармен жабдықталған. Бұл – қазақ театр өнерінің шетелдік театрларымен де иық теңестіре алатынының көрінісі. Өзіміз де жаңашылдыққа ұмтылатын халықпыз. Біз білмейтін техникаларды шетелдік режиссерлер үйретіп, таныстырып жатыр.

– Шетелдік режиссерлермен тіл табысу жағы қалай болып жатыр? – Әр актердің ішінде бір режиссер өмір сүре­ді. Ол сомдайтын кейіпкерін қалай көрсе, солай жасауға тырысады. Тіл табысу жағынан ешқандай қиындық жоқ. Еуропалық ре­жис­серлердің өздерінің мамандықтарына деген құр­меті жоғары. Адаммен қарым-қатынасы, ак­терларға жағдай жасауы ерекше. Осы күнге дейін режиссермен келісе алмай, сөзге келген актер жоқ екен. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жұмыла іске кірісіп жатырмыз. Шы­ғармашылық құрам да көрерменге сәтті туынды ұсыну үшін аянбай еңбектеніп жатқанын айта кет­кен жөн. Көрерменнің ыстық ықыласын се­зі­нетін күн жақындап келеді. Сондықтан пре­мьерада бәріңізді күтеміз!