Қарағанды облысында басқарма басшысы пара алғаны үшін сотталды

Қарағанды облысында басқарма басшысы пара алғаны үшін сотталды

Қарағанды облысында басқарма басшысы пара алғаны үшін сотталды
ашық дереккөзі

Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы (МСҚБ) басшысының орынбасары мен мемлекеттік органның бас маманына қатысты үкім шығарылды. Олар бір миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақшаны өткен жылғы қазанда мемлекеттік орган ғимаратының алдындағы автотұрақта берген. Сол кеште олар жұмыс орнында ақшамен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушылар прокурормен кінәні мойындау туралы келісім жасасты. Қазыбек би аудандық соты оларды ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы "адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы" бойынша кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енді.