Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жіберу жоспарланып отыр

Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жіберу жоспарланып отыр

Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жіберу жоспарланып отыр
ашық дереккөзі
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 2,5 миллион доллар сомасына 5 мың тонна ұн жеткізуді жоспарлап отыр, деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесуі кезінде. Бұл туралы sputnik.kz жазды. Мемлекет басшысы сенім грамоталарын тапсырған елшілер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күш-жігерге қосқан үлесі туралы айтты.
"Біз ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде 2,5 миллион доллар сомасына 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз және бұл көмек осы елге үнемі беріліп отырады", – деді Президент.