Павлодар облысындағы елді мекенді қар басып қалды

7 қазан, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Павлодар облысындағы елді мекенді қар басып қалды

Павлодар облысының Қаражар ауылын қар басып қалды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Бір тәулік ішінде мұнда бір жарым айлық мөлшердегі жауын-шашын жауған. Ауыл тұрғындары қазан айының басында жауған қардың көптігіне таң қалды. Олардың айтуынша, кейбір жерлерде қар қалыңдығы 20-50 сантиметрге жетеді.