Президент Жарлығымен актер Досхан Жолжақсынов “Отан” орденімен наградталды.
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.Д.Қ. Жолжақсыновты «Отан» орденімен наградтау туралы
Қаулы етемiн:
1. Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 7 қазан № 669