Жаңалықтар

БҰҰ журналистерді өлтіргендерді қатаң жазалауға шақырды

ашық дереккөзі

БҰҰ журналистерді өлтіргендерді қатаң жазалауға шақырды

Соңғы он жылда 800-ден астам журналист кәсіби қызметі үшін өлтірілген. Бұл туралы БҰҰ-ның мәлімдемесінде айтылды. 2 қараша - Журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдыруды доғарудың халықаралық күні. Он жағдайдың тоғызында қылмыскерлер жазадан құтылып шығады, деп есептейді БҰҰ. "Жазасыздықты - қылмыскерге сот тәртібімен жазалауда шара қолданбауды - адам құқығын бұзушылық деп атауға болады. Соның салдарынан журналистерге қатысты зорлық-зомбылық ғасырлар бойы толастамай келеді, оған қарсы шара қолдану керек". Халықаралық журналистер федерациясының мәліметі бойынша, биыл кәсіби міндетін орындау кезінде әлемде 66 журналист өлтірілді. Олардың көбі Ауғанстанда қаза тапты - 11 адам. Мексика мен Иракта 5 журналистен, басқа да елдерде де одан аз БАҚ өкілдері өлтірілген. 2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 68-сессиясында 68/163 қарары қабылданып, 2 қараша - журналистерге қарсы жасалған қылмыстарды жазасыз қалдыруды доғарудың халықаралық күні ретінде белгіленді. Дәл осы күні Малиде екі француз журналисі қаза тапқан еді. БҰҰ қарары ұйымға мүше-мемлекеттерді жазасыздыққа қарсы күресте нақты шаралар қабылдауға шақырады.