Жаңалықтар

Абай университеті халықаралық конкурстың мәресіне жақындады

Абай университеті Білім берудегі инновациялар конкурсында (КИвО), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің серіктестігі туралы ақпаратты жариялады. Атаулы шараны жыл сайын Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебі білім беру институты өткізеді. Естеріңізге сала кетейік, серіктестік «Білім беру инновацияларын іріктеу және бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған.

КИвО-Қазақстан финалистерін іріктеу туралы толығырақ білу үшін біз КИвО директоры мен жоба мүшелеріне жүгіндік.

Білім берудегі инновациялар байқауының директоры, Королева Диана (ЭЖМ, Мәскеу қ.):

– Финалға дейін жобалар бағалаудың бірнеше кезеңінен өтеді. Мұны «от, су және мыс құбырлары» деп айтуға болады. Бірінші кезеңде сарапшылар берілген мәтіндік өтінімдерді бағалайды, алдымен «Алтын жүз жоба» таңдалады, содан кейін жазғы мектепке баратын 30-35 жоба қалыптасады. Келесі қадам-жеделдету бағдарламасының өтуі. Биыл ол онлайн режимінде өтті. Бір ай бойы команда күн сайын сарапшылармен және трекерлермен жұмыс жасады және соңында қазылар алқасына өз жобаларын ұсынды. Жазғы мектепте жасалған бағалау, сондай-ақ жаз айларындағы командалардың үлгерімі КИвО финалына түсетін және өз жобаларын қазылар алқасына, инвесторларға және көпшілікке ұсынатын жобалардың соңғы тізімін құрудың бастапқы нүктесі болды. Біз осы жылы Қазақстанның халықаралық жобаға өте белсенді қатысып отырғанына қуаныштымыз. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің командасымен бірге біз білім беру инновацияларының деректер базасын қалыптастырып, педагогикалық экспериментті ұйымдастыру үшін бастамаларды таңдай алдық. Осылайша, инновациялардың тиімділігін дәлелдеу туралы айтуға, үздік тәжірибелерді талқылауға, стейкхолдерлер мен білім беру стартаптарының өкілдеріне ұсынымдар беруге болады.

«Білім беру инновацияларын іріктеу және бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу» халықаралық жобасының қатысушылары конкурс барысы мен Қазақстанның соңғы жобалары туралы айтып берді.

Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Галия Абаева (Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қаласы):

– КИвО-Қазахстан 2021 жылдың 1 сәуірден 15 мамырға дейін конкурсқа өтінімдер қабылдады.

2021 жылдың 16 маусымында  білім беру инновациялар конкурсының нәтижелері бойынша баспасөз конференциясы өтті (www.kivo.hse.ru). Білім беру инновациялар конкурсында, білім беру саласының жағдайы туралы пікірталас ұйымдастырылып, конференцияда шолу жасалды: жаңа және бұрынғы ойыншылардың  бәсекелестігі және альянстары? Білім беру инновациялар конкурсы (КИвО) 2021 жылы алғаш рет Қазақстанда Жоғары экономика мектебі білім беру институты, ҒЗУ, Рыбаков атындағы  Қор және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің озық әдістемелері, Ұлттық мұралары,  қазіргі заманғы білім беру қажеттіліктерін болжайтын әлемдік тәсілдер негізінде педагогтарды даярлау жөніндегі өз миссиясын орындауға ұмтылысы біздің университетімізге білім беру инновацияларын жинақтау және зерделеу бойынша белсенді қызмет етті.

«Білім беру инновацияларын іріктеу және бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу»  бірлескен жобасы аясында  Жоғары экономика мектебі білім беру институты, ғылыми зерттеу университетімен ғылыми байланыстарды нығайта отырып, Қазақстанның білім беру инновацияларының базасын құру мақсатын қойды.

Back to top button