Қайта вакциналау қарашада басталуы мүмкін - Алексей Цой
Қайта вакциналау қарашада басталуы мүмкін - Алексей Цой
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келесі айда қайта вакциналау туралы шешім қабылдауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Цойдың айтуынша, қазір қайта вакциналау тәсілдері зерттеліп жатыр.
Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің жоғары деңгейдегі тобына - қазір Еуропалық өңірде жалпы стратегия стандарттарымен айналысатын жұмыс тобына кірді. Ревакцинацияны сақтықпен жасау керек деген алдын-ала қорытынды болды. Бұл ретте бірінші кезекте халықтың осал топтары мен бірінші қатардағы жұмыскерлерді және антиденелері жоқ азаматтарды вакцинациялау қажет, – деді министр ОКҚ брифингінде.
Денсаулық сақтау министрі жақын арада, атап айтқанда қараша айында ВАК-қа бағдарламаның өзін бекіту үшін ұсыныстар, параметрлер ұсынылатынын айтты.
Біз әлем елдерінің тәжірибесін мұқият қадағалаймыз. Тәсілдер әр жерде әр түрлі. Бірақ, жалпы алғанда, 6 айдан 9 айға дейінгі аралықта ревакцинация көптеген елде басталады деген жалпы болжам бар. Қазір уақыт бар. Біз әлемде бар белгілі бір тәжірибені алуға тиіспіз, - деп түсіндірді министр.