Жаңалықтар

Болат Өтемұратов қоры Аралдағы 40 отбасына баспана сыйлады

ашық дереккөзі

Болат Өтемұратов қоры Аралдағы 40 отбасына баспана сыйлады

Болат Өтемұратов қоры Аралдағы 40 отбасына баспана сыйлады. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты үйлерде тұратын отбасылар кірді. Көлемі 64 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтер және 47 шаршы метрлі болатын 2 бөлмелі пәтер 4 пәтерлі 10 тұрғын үйде орналасқан. Баспана электр, газ және ауыз су жүйелерімен жабдықталып, ішінде сантехника, газ плитасы мен су жылытқышы орнатылған. Әр пәтер иесіне 6 сотық жер учаскесі бөлінген.