3 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып тұрған Ресей азаматы ұсталды
3 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып тұрған Ресей азаматы ұсталды
ШҚО-да 3 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып тұрған Ресей азаматы анықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Заң бұзу фактісі 4 қазанда Глубокое ауданында анықталды. 19 жыл бұрын 66 жастағы жергілікті тұрғын Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны белгілі болды. Ер адам 16 жыл бойы ресей зейнетақысын, ал 2018 жылдан бері Қазақстаннан да зейнетақы алып отырған.
Қазір заңсыз алынған ақша қаражатын қайтару мәселесі қаралып жатыр.