Жаңалықтар

Павлодар облысында алаяқтықпен айналысқан мектеп директоры ұсталды

Павлодар облысында ауыл тұрғынына жалған микрокредиттік ұйымның атынан хабарласып, ақша қайтаруды талап еткен мектеп директоры ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Май ауданындағы ауылдардың бірінде ауыл тұрғынына белгісіз адам микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 млн. теңге несие бойынша қарызын төлеу керек екенін талап еткен. Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, дереу полицияға хабар береді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы, алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп жазылған хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аудандық полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.

Back to top button