Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу басталды

Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу басталды

Қазақстанда медициналық мекемелерді аккредиттеу басталды
ашық дереккөзі

2016 жылы бұл ерікті шараны өткізуге 180 медициналық мекеме өтінім берді. Аккредиттеуге қалалық, аудандық, ауылдық амбулаторлық-емханалық мекемелер қатысады.  Айта кету керек, шара ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР ДСӘДМ мәліметі бойынша, республиканың бүкіл өңірлері бойынша медициналық мекемелердің қызмет сапасын бағалауға 34 сарапшылар тобы атсалысады. Сыртқы кешенді бағалау қызметтің барлық бағыты бойынша жүзеге асырылады, соның ішінде  оның материалдық-техникалық сипаты, қауіпсіздігі және ұсынылып отырған қызметінің сапасы ескеріледі. Бағалау қорытындысы бойынша мекемелерге  үш санат бойынша аккредиттеу  сертификаты беріледі. «Аккредиттеу мерзімі 3 жылға жарамды. Одан сәтті өткен мекемелерге тегін медициналық көмек көрсетуде мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде басым құқық беріледі. Науқастар емделетін мекемені таңдау барысында медициналық қызмет сапасының жоғары екенін осы фактор арқылы ескеріп, бағалай алады», - деді министрлікте. Еске сала кетейік, ұлттық аккредиттеу стандарттары халықаралық стандарттарға сай жасалған. 2015 жылы аккредиттеу науқанына 241 медициналық мекеме қатысып, олардың 142-сі- екінші, 84-і - бірінші, 6 - жоғары аккредиттеу санатын алды.