RBK банкі Павлодар бөлімшесінің директоры өз-өзіне қол жұмсаған

RBK банкі Павлодар бөлімшесінің директоры өз-өзіне қол жұмсаған

RBK банкі Павлодар бөлімшесінің директоры өз-өзіне қол жұмсаған
ашық дереккөзі

RBK банкінің Павлодардағы бөлімшесі директоры қайтыс болды. Полиция оның "өзіне қол жұмсағанын" айтқан, деп хабарлайды azattyq.org.

Қылмыстық кодестің 105-бабы бойынша ("Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн өлтiруге дейін итермелеу") сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сараптама тағайындалған. Полиция дерегіне сүйенген кейбір БАҚ 49 жастағы әйелдің 8-қабаттан секіргенін жазған.
"Осы жұмыс аяқталғанша банк тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды", деп жазылған банк хабарламасында.