Жаңалықтар

RBK банкі Павлодар бөлімшесінің директоры өз-өзіне қол жұмсаған

RBK банкінің Павлодардағы бөлімшесі директоры қайтыс болды. Полиция оның «өзіне қол жұмсағанын» айтқан, деп хабарлайды azattyq.org.

Қылмыстық кодестің 105-бабы бойынша («Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн өлтiруге дейін итермелеу») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Сараптама тағайындалған.

Полиция дерегіне сүйенген кейбір БАҚ 49 жастағы әйелдің 8-қабаттан секіргенін жазған.

«Осы жұмыс аяқталғанша банк тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрайды», деп жазылған банк хабарламасында.

Back to top button