Атырау облысында 3 бала өртеніп кетті

Атырау облысында 3 бала өртеніп кетті

Атырау облысында 3 бала өртеніп кетті
ашық дереккөзі

Атырау облысы Махамбет ауданында шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Бұл туралы sputnik.kz жазды.
"2021 жылдың 5 қазанында сағат 19:27-де кезекші пультіне хабар түсті. Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 бума шөп отқа оранған. Оқиға орнына №11 бөлімнің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт сағат 23:07-де толығымен сөндірілді", - деді ол. "2014 жылы туған екі бала мен 2012 жылы туған бір баланың денесі өртенген шөп арасынан табылды. Олардың денесі полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.