Жаңалықтар

Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллсте негізгі турнирге жолдама алды

Қазақстандық Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 жарысында негізгі турнирге жолдама алды, – деп жазды Vesti.kz.

Әлемнің 108-ракеткасы З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 138-сатыда тұрған Беларусь өкілі Ольга Говорцовамен ойнады. Қазақстандық теннисші 1 сағат 17 минутқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке барысында Зарина 1 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Эйс жасамаған қарсыласы 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) шектелді.

З.Диястың Индиан-Уэллстің негізгі додасындағы қарсыласы кейін анықталады.

Back to top button