Тест режимі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G интернет жұмыс істеп тұр

Тест режимі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G интернет жұмыс істеп тұр

Тест режимі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5G интернет жұмыс істеп тұр
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімет таратты. «Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестіден өткізіп жатыр», –  деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында. Оның сөзіне сенсек, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.