Жаңалықтар

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі өтіп жатыр

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысы өтіп жатыр, – деп жазды ҚазАқпарат.

«Біз бүгін хатшылық отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 7-съезін ұйымдастыруға қатысты мәселелерді пысықтаймыз. Бүгінгі таңда бұл форум қазіргі замандағы өзекті мәселерді талқылайтын аса маңызды халықаралық алаңға айналды. Съезд бейбітшілікті нығайтудың және мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытудың озық үлгісін көрсетіп келеді. Сондай-ақ дінаралық толеранттылықты арттыруға үлкен септігін тигізуде. Съезд алғаш рет 2003 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен шақырылғаны белгілі. Форум жұмысының табысты болуына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев баса мән беріп келеді»,- деді хатшылық отырысын ашқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Осы ретте ол алғашқы кездесуден бастап бұл алаң барлық негізгі конфессия өкілдерінің басын біріктіріп келе жатқанын баса айтты.

«Біздің форумды жетекші рухани лидерлер мен жоғары деңгейдегі ықпалды саясаткерлер үнемі қолдап келеді», – деп атап өтті Сенат спикері.

Back to top button