Өскемендегі қайта ашылған әуежайдан еліміздің үш өңіріне қатынай аласыз

Өскемендегі қайта ашылған әуежайдан еліміздің үш өңіріне қатынай аласыз

Өскемендегі қайта ашылған әуежайдан еліміздің үш өңіріне қатынай аласыз
ашық дереккөзі
Өскеменде биыл қазан айында өз жұмысын қайта бастаған әуежайдан қай қалаларға ұшуға болатындығы белгілі болды. Өскемен қаласындағы әуежайда ауқымды реконструкциялау жұмысы осыдан 5 ай бұрын басталған. Қазіргі таңда ұшып-қону жолағын 2 500 метрден 2 800-ге дейін ұзарту және ИКАО I санатына сәйкес заманауи жарық-сигналдық жабдықты орнату бойынша жұмыстар аяқталды. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі әуежайды пайдалануға рұқсат берді. Сөйтіп, осы қазан айынан бастап әуежай қайта ашылды. Жобада рульдеу жолдарын, перронды, тұрақты және периметр бойынша күзеттік жарықтандыру және бейнебақылау орындарын реконструкциялау, жүк терминалын, уақытша сақтау қоймасы мен гараж салу көзделген. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен. Бүгінде әуежайдан:
  • Нұр-Сұлтан қаласына (Эйр Астана - аптасына 7 рейс, Скат - аптасына 4 рейс, Qazaq Air - аптасына 2 рейс);
  • Алматы шаһарына (Эйр Астана - аптасына 7 рейс, Скат - аптасына 7 рейс, Qazaq Air - аптасына 4 рейс);
  • Қарағанды қаласына (Qazaq Air - аптасына 2 рейс) ұшуға болады.
Сонымен қатар 7 қазаннан бастап Зайсан қаласына (Аптасына 2 рет) рейс қайта жанданады.