Қостанайда адам өлтіріп, денесін Тобыл өзеніне жасырған күдікті ұсталды

Қостанайда адам өлтіріп, денесін Тобыл өзеніне жасырған күдікті ұсталды

Қостанайда адам өлтіріп, денесін Тобыл өзеніне жасырған күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Қостанай облыстық полиция департаменті криминалдық полиция қызметінің мәліметінше, 1 қазанда Қостанай қаласы Оңтүстік бөлімінің 102 пультіне 66 жастағы әйел хабарласып, 45 жастағы ұлының отбасы тұрып жатқан саяжайдан кетіп, әлі күнге дейін қайтып оралмағанын баяндап берді. Полиция аталған факті бойынша іздеу жұмысын бастады. «Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталған, айғақ дәлелдер көмегімен оның адам өлтіргені анықталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Ол жәбірленушінің өлі денесін жасырған жерді көрсетті. Оқиға орнын тексеру кезінде қайтыс болған ер адамның денесі Тобыл өзенінің жағасынан табылған», - деп баяндады полициядан. Болжам бойынша, қылмыстың жасалуына ер адамдардың арасында шыққан жанжал себеп болған. «Жәбірленушіге оның өліміне әкеліп соқтырған ауыр дене жарақатын салған соң күдікті айғақ дәлелдерді, ер адамның өлі денесін жасырмақ болды. Қазіргі кезде ол қамауға алынды, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп қорытындылады полиция департаментінен.