Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясын қабылдады
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Имон Гилмор мен Орталық Азия бойынша өкілі Тери Хакаланы қабылдады, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық аясындағы өзара іс-қимылдардың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланып, аймақтық қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.  width= Мемлекет басшысы Еуропалық Одақ делегациясына еліміздегі саяси және экономикалық реформалар, сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы айтты. Имон Гилмор Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында байланыстарды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.  width= Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың арнаулы өкілінің айтуынша, Қазақстан Президентінің Брюссельге алдағы сапары екіжақты байланыстарды дамытуда маңызды кезең болады. Еуропалық Одақ делегациясы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдем беру жөніндегі Миссиясының офисін Алматыға орналастыру және ауған студенттеріне көмек көрсету туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімін ерекше атап өтіп, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға қатысты Қазақстан Президентінің аймақтағы көшбасшылығын қолдады.  width= Имон Гилмор мен Тери Хакала Президентке ертең Алматы қаласында өтетін «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» азаматтық форумына Брюссельдің атынан қатысатынын жеткізді.