Жаңалықтар

Елімізде тұңғыш рет жасанды жаңбыр жауды

Биыл қуаншылық салдарынан Маңғыстау облысында шөп шықпай, шаруаларға қиын соқты. Осыдан кейін жасанды жаңбыр жаудыру туралы бастама көтерілген болатын, деп хабарлайды, Express Qazaqstan.

Жаңа жоба тамыз айында қолға алынған болатын. Осы мақсатата «Грант Қазақстан» корпоративтік қорының «Central Asian Center of Climate Change Technologies» серіктестігі мен Маңғыстау облысының әкімдігі арасында 3 жақты келісім жасалды.

Жоба жетекшісі Алтай Айнабектің айтуынша, облыс аумағында қазір үш құрылғы орнатылған.

«Біздің құрылғылар Шетпе, Жетібай, Құрық елдімекендерінде қойылды. Қалған екеуін орнататын жерді анықтап жатырмыз. 28 қыркүйекте Құрықтағы құрылғымызды қосқаннан кейін арада бір күн өткенде Ақтауда жауын жауды. Бұл сынақ ретінде қолданылды. Аспанда бұлт болмады. Дегенмен ауа ылғалдығы жоғары болды», дейді ол.

Жасанды жаңбыр жаудыруға арналған құрылғы 29 қыркүйекте тағы іске қосылған. Оның нәтижесі алдағы аптаның ішінде белгілі болмақ.

«Оның қанша мөлшерде жауатынын айта алмаймыз. Себебі, қазір жазға маусымның төмендеу қысымдары күзгі климатқа ауысып жатыр», дейді мамандар.

Back to top button