Жаңалықтар

ШҚО-да 2 419 тонна шөп өртеніп кеткен

ашық дереккөзі

ШҚО-да 2 419 тонна шөп өртеніп кеткен

Шығыс Қазақстанда өрт қаупі кезеңі басталғаннан бері 2 419 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. Ең көп өрт Тарбағатай, Аягөз, Бесқарағай және Көкпекті аудандарында тіркелді. Өрт шығуының негізгі себептері отты абайсыз қолдану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау болған.