Маңғыстау балалар ауруханасына тамақ жеткізуші компания сорпадағы құрт бәсекелестерінің ісі деп мәлімдеді

ашық дереккөзі

Сорпада құрттар жүргені туралы бейнежазба шілде айында таралып кеткен болатын. Балалар ауруханасына тамақ жеткізумен айналысатын кәсіпкер бұл тендер қарсаңында өздеріне жасалған қастандық деп отыр, деп хабарлайды lada.kz.

Компания өкілі осыған ұқсас оқиға өткен жылы басқа компаниямен болғанын айтады. Бұл бірінші рет емес, өткен жылы "Берекет" компаниясында да осындай жағдай болды, дәл осындай жағдайлар қазан-қараша айларында болады, - дейді ол. Азық-түлік жеткізуші ретінде біз мамыр айынан бастап қызмет көрсетеміз, сол уақытқа дейін бізге бірде-бір рет ескерту айтылған жоқ. Біз әрдайым жаңа өнімдерді жібереміз. Сондықтан біз кешірім сұрап, әйелден бұл бейнежазбаны "Тик-токтан" алып тастауды сұрадық. Бұл біздің бәсекелестеріміздің айла-амалдары шығар, - дейді Әлия Боқаева.