Жидек жеп, көлшіктерден су ішкен: Ақмола облысында жоғалған ер адам орманнан табылды

Жидек жеп, көлшіктерден су ішкен: Ақмола облысында жоғалған ер адам орманнан табылды

Жидек жеп, көлшіктерден су ішкен: Ақмола облысында жоғалған ер адам орманнан табылды
ашық дереккөзі

Өткен демалыс күндері хабар-ошарсыз кеткен Ақмола облысының үш тұрғыны табылған. Олардың бірі ақыл-есін жоғалтқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бурабай ауданының 54 жастағы тұрғыны Жасыл және Шиялы ауылдары арасындағы орман алқабынан табылған. Іздестіру іс-шаралары кезінде оның орманда екені анықталды, кейінірек белгілі болғандай, жоғалған адам жидек жеп, көлшіктерден су ішкені белгілі болды.