Атырауда көшедегі әжетханадан жаңа туған нәресте табылды

Атырауда көшедегі әжетханадан жаңа туған нәресте табылды

Атырауда көшедегі әжетханадан жаңа туған нәресте табылды
ашық дереккөзі

Атырауда көшедегі әжетханадан жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды atpress.kz.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, баланы көше дәретханасына қалдырған әйелдің жеке басы анықталды.
"Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қалған ақпарат ҚР ҚІЖК 201 - бабына сәйкес жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, сәби тірі.
"Бала Индер аудандық ауруханасының перзентханасына жеткізілді. Анасы, 1990 жылы туған, Индер ауданының тұрғыны, аудандық аурухананың босанғаннан кейінгі бөліміне жатқызылды", - деп нақтылады ведомстводан.