Жаңалықтар

Түрмедегілердің 97 пайызы вакциналанды – ІІМ

Қазақстандағы тұтқындардың 97 пайызы коронавирусқа қарсы егілді. Бұл туралы ІІМ-де өткен брифингте мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия басталғаннан бері түрмеде 214 адам ауырған. Ведомство түзеу мекемелерінде ауруды таратпау үшін барлық қажетті шаралар сақталатынын атап өтті. Барлық дерлік қызметкерлер иммундаудан өткен.

Back to top button