Жаңалықтар

QazVac вакцинасына халал сертификаты берілді

QazVac вакцинасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» ЖШС сертификаты берілді.

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров отандық QazVac вакцинасына оның өндірісі халал стандарттарына сай екені туралы сертификат табыс етті, деп хабарланды биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ сайтында.

Вакцинаға 000669 тіркеу нөмірі берілді. Кәсіпорынның өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталған. Сертификатқа «Халал Даму» серіктестігінің директоры А. Аташев қол қойды.

page 0001 2 e1633243565667

«Бұған дейін QMDB Halal стандарты бойынша QazVac вакцинасын сертификаттау мақсатында ҚМДБ өкілдері – наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы,» Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуали және технолог, медициналық маман Айзат Сатаева институтта болып, OtarBioPharm биофармацевтикалық зауыты жағдайында QazVac вакцинасын өндірудің технологиялық процесімен мұқият танысты», – деп жазылған хабарламада.

Back to top button