Жаңалықтар

QazVac вакцинасына халал сертификаты берілді

ашық дереккөзі

QazVac вакцинасына халал сертификаты берілді

QazVac вакцинасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал даму" ЖШС сертификаты берілді. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, PhD, теолог Ершат Оңғаров отандық QazVac вакцинасына оның өндірісі халал стандарттарына сай екені туралы сертификат табыс етті, деп хабарланды биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ сайтында. Вакцинаға 000669 тіркеу нөмірі берілді. Кәсіпорынның өнімі – СТ 96090-5-2021 ЖШС, дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге қойылатын жалпы талаптар бойынша сертификатталған. Сертификатқа "Халал Даму" серіктестігінің директоры А. Аташев қол қойды.