Жаңалықтар

Көлік және коммуникациялар экс-министрі өмірден өтті

ашық дереккөзі

Көлік және коммуникациялар экс-министрі өмірден өтті

3 қазанда бұрынғы көлік және коммуникация министрі Серік Қарабатырұлы Әлигужинов өмірден озды. Ол 77 жаста еді. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми арнасы хабарланды. Серік Қарабатырұлы 1944 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Павлодардағы 2564 автоколонна механигінен бастап ҚР Көлік және коммуникация министріне дейінгі жолдан өтті. Министрлікті жаңа Астанаға көшіру маңызды шарасына жетекшілік етті. Көлік және коммуникация саласының жүйе құраушы кәсіпорындарын құрудың бастауында тұрды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Серік Қарабатырұлы қоғамдық жұмыстардан шет қалмай, Қазақстан Республикасының "КАО" автокөлік одағының басшысы болды. Ерен еңбегі бағаланып, еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін КСРО Халықтарының достығы орденімен, Қазақстанның "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Павлодар қаласының Құрметті азаматы атанды.