10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-дан табылды

10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-дан табылды

10 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген ресейлік ШҚО-дан табылды
ашық дереккөзі
Есірткі саудасы үшін халықаралық іздеуде жүрген ресейлік Шығыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлайды аймақтың ПД баспасөз қызметі. Үржар ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы Ресей азаматын ұстады, ол шамамен 10 жыл бойы Ресей құқық қорғау органдарынан жасырынып келген. Ер адам 2013 жылдан бастап есірткі сатқаны үшін мемлекетаралық іздеуде болды. Ол Үржар ауданындағы туысының үйінде уақытша жасырынған.