Оралда пойыз қағып кеткен әйел ауруханада қайтыс болды

Оралда пойыз қағып кеткен әйел ауруханада қайтыс болды

Оралда пойыз қағып кеткен әйел ауруханада қайтыс болды
ашық дереккөзі
Оралда облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін шамамен сағат 08.40-та Желаев кенті маңындағы теміржолда болды. Шамамен 50 жастағы әйелді пойыз қағып кетті. Бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің нақтылауынша, әйел адам ауруханада қайтыс болып кеткен. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344- бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексі 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.